Балық қырылып жатыр: Шардара су қоймасын мамандар тексереді
Түркістан облысындағы Шардара су қоймасында балық қырылып жатыр. Әлеуметтік желіде майшабақтардың жағалауда өліп жатқан бейнежазбасы тарады. Онда кейбір тірі балықтардың басы мен денелерінде жаралар бар екенін байқауға болады. Бұл мәселеге орай Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы мен Түркістан балық инспекцияларының мамандары мәлімет таратты. Олардың сөзінше, мөңке және сазан балықтары мен шабақтардың қабыршақты жамылғыларында өзгерістер пайда болған. Кешегі күннің өзінде балық инспекторлары мен қорықшылар шабақтарды жинап алып, оларды утилизациялау жұмыстарын жүргізген. Ал Шардараның ветеринарлық қызметі зертханалық зерттеулер жүргізу үшін шабақтардың сынамаларын алды.
Марат Қарақұл Түркістан облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің бас маманы:Шардара қаласында қыс мезгілі болмағаннан кейін балықтың иммунитеті төмендеп, көктем мезгілінде балықтар өліп, өлу жағдайы анықталады. Одан кейін 10-15 күн ішінде судың астында көк шөп шыққаннан кейін, балықтар қалыпқа келеді.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00