Қаржы министрлігі Ұлттық банкке базалық мөлшерлемені қайта қарауды ұсынды
Қаржы министрлігі Ұлттық банкке базалық мөлшерлемені қайта қарауды ұсынды. Ерұлан Жамаубаев қазір теңгенің долларға шаққандағы бағамы тұрақталып келеді, сондықтан қалыпты пайыздық мөлшерлеме болмаса, экономикалық өсу жайлы айту қиын дейді. Депутаттар да 4-6 проценттік жеңілдетілген несиеге қыруар қаржы бөлініп жатқанын еске салды. Мысалы, Үкімет өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларға несие беруге 309 млрд теңге, пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 104 млрд теңге және автонесиеге тағы 100 млрд теңге қарастырды. Сондықтан олар Ұлттық банкке базалық мөлшерлемені төмендетуді ұсынды. Қаржыгерлер де жоғары мөлшерлеме несие алуға сұранысты азайтатынын айтты.
Жасұлан Көшебаев, қаржыгер:
Бұл әрине теңгенің инфляцияға ұшырамауы үшін жақсы инструмент. Бірақ біз бұл инструмент арқылы ұзақ уақытқа шыдай алмаймыз. Себебі бізде несие қымбаттайды. Несие қымбаттаған сайын елде кәсіпкерлер несие ала алмай қалады. Экономика әлсіреп кетеді. Сондықтан бұл ұзақ уақыт базалық ставканы ұстап отыру мүмкін емес.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алтын – Емел ұлттық паркінде алғаш рет борсық фототұзаққа түсті
07.12.2025, 20:43
Мүгедектігі бар адамдарды қорлағандарға қылмыстық жауапкершілік бар ма?
07.12.2025, 20:30
Севоранмен бірден қанша тіс емдеуге болады?
07.12.2025, 20:28
Мемлекеттік тапсырыспен салынған құрылыстың сапасына кім жауапты?
07.12.2025, 20:20
Д. Кушнердің Мәскеу сапары: Нәтиже қандай?
07.12.2025, 20:06
5 мыңнан астам қазақстандық студент пен оқытушы ЕО елдерінде білімін жетілдіруге мүмкіндік алды
07.12.2025, 20:05
Мораторий аяқталғанда АИ-92 маркалы бензин бағасы қанша пайызға қымбаттайды?
07.12.2025, 20:00
Енді азаматтар зейетақы жинағын көзін емдетуге пайдалана алмайды
07.12.2025, 19:58