Саяси жүйені жаңартуда ассамблеяның маңызы зор
Қазақстан халқы Ассамблеясынан Сенат депутаттығына ұсынылатын үміткерлерді таңдаудың тиімді әрі ашық рәсімдері болу керек. Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Олар Сенатта жалпыұлттық интеграция мен этномәдени әралуандылық негізінде елдегі этникалық топтардың барлық мүддесін қорғайды. Жалпы алғанда, ассамблея бейбітшілік пен келісім тірегі. Саяси жүйені реформалау кезінде де ұйымның рөлі ерекше болмақ.
Орал Шәріпбаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті:
Қазақстан халқы ассамблеясында 27 жыл жүрмін. Бұдан менің түйгенім, елді сүйгенім. Отанға деген сүйіспеншілігім шығар. Қазақстан халқы ассамблеясы - бейбітшіліктің тірегі, жаңарған Қазақстанның негізгі татулық пен бірлікті сақтайтын жүрегі.
Нәзипә Ыдырысқызы, ҚХА жанындағы республикалық аналар кеңесінің төрайымы:
ҚХА бүгінгі Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси өзгерістерге белсенді қатысу керек. Себебі, Қазақстан халқы ассамблеясы бұл дайын, тарихы бар, қалыптасқан диалог алаңы. Сондықтан, бүгінде халыққа түсіндіру, халық пен биліктің арасында байланысты жалғаушы ретінде қарасақ, бұл үлкен роль және оны іске асыру керек.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үлкен тенниске қызығатын балалар көбейіп келеді
18.09.2026, 17:33
Қарағанды облысында жастар құқықтық сауатын жетілдіруде
18.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
18.09.2026, 17:25
Бейжің ЕуроОдақтың үндеуін қабылдаған жоқ
18.09.2026, 17:22
Филиппиндегі мектепте атыс болды
18.09.2026, 17:20
Ресейдегі дәрі қоры 8 айға ғана жетеді
18.09.2026, 17:17
Абай облысында ет экспортына ден қоя бастады
18.09.2026, 17:15
Өскеменде жол айрығын қарқынды салып жатыр
18.09.2026, 17:12