Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 10 млрд долларға жеткізіледі
Өткен жылы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық 33 пайызға өсті. Ал биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша тауар айналым 1 млрд доллардан асты. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылап, келісссөз жүргізді. Екіжақты тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу үшін алдағы 5 жылға 41 іс-шарадан тұратын тәжірибелік іс-қимыл жоспары қабылданды. Қазақстандық компаниялардың Өзбекстанға ет-сүт өнімдерін, балық және одан жасалатын өнімдерді экспорттауға мүдделі екені айтылды. Сонымен қатар келіссөз барысында су-энергетика, білім саласындағы ынтымақтастық келешегі талқыланды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:Өзбекстан – бізге бауырлас әрі көршілес мемлекет, уақыт сынынан өткен досымыз және ұзақ мерзімді стратегиялық серіктесіміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек қатынасының нығаюына ерекше көңіл бөледі. Біздің негізгі мақсатымыз – екі елдің Мемлекет басшылары алға қойған міндеттерді толық жүзеге асыру және Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтеру.
Абдулла Арипов, Өзбекстан Республикасының премьер-министрі:Өзбекстан қазақ ағайындармен тығыз қарым-қатынасты нығайта түсуге мүдделі. Қазақстан – мыңызды әрі сенімді сауда серіктестігіміз. Биыл екі ел арасындағы тауар айналымын 5 млрд долларға, алдағы жылдары 10 млрд долларға жеткізу қажет деп есептейміз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05
Кеденде ақпарат алмасу күшейеді
21.10.2026, 10:04