Референдум – әлемдік БАҚ назарында
Бүгінгі референдум әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарында. Саяси науқанның өту барысын өз көзімен көру елімізге 50-ге жуық шетелдік журналист арнайы келді. 30 елден жиналған тілшілер референдум учаскілерінен, сондай-ақ Елордадағы халықаралық ақпараттық орталығынан тікелей хабар таратуда. Учаскілерді аралап келген байқаушылар осы орталықта референдум бойынша ой-пікірлерімен бөлісіп, журналистердің сұрақтарына жауап береді. Шетелдік тілшілердің көбі өз елдеріндегі ақпарат құралдарына Қазақстандағы референдум бойынша жаңалықтарды бірден жіберіп жатыр.
Павел Новодний, журналист (Словакия):
Мен Қазақстандағы саяси науқанды өз көзіммен көріп, ақпараттық материалдар дайындау үшін Словакиядан келдім. Бүгін бірнеше референдум учаскісінде болып үлгердім. Біздің газет онлайн форматта да шығады, сондықтан қазір қысқаша мәліметтерді интернетпен бірден жіберіп жатырмын. Ал кешке қарай көлемді мақала жазу жоспарым бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53