Халықтың 60,8% дауыс берді
Орталық референдум комиссиясы Дауыс берушілердің ақпаратын жаңартты. Бірқатар өңірде халықтың белсенділігі артты.
Асима Нұрбайқызы:Орталық референдум комиссиясына келіп түскен қазіргі ақпарат бойынша халықтың 60% өз таңдауын жасады. Яғни дауыс беруге құқы бар 12 млн-ға жуық адамның жартысынан астамы қатысты. Заң бойынша референдум өткен болып есептеледі. Бірақ бұл Ата заңның жаңа нұсқасы қабылданғанын білдірмейді.Өйткені олардың өзгерісті қолдап немесе қолдамағаны дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады. Ал жалпы қазақстандықтардың саяси шараға белсенділігі жоғары. 7 млннан астам адам референдумға келді.Қызылорда облысының қарқыны қызу. 72 пайыздан асты. Түркістанда да көрсеткіш осындай. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан өңірі 69 пайыздан асты. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының тұрғындары да белсенді. Дегенмен учаскелер кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудағы міндет – аймақтардың әлеуетін арттыру
23.11.2026, 10:16
Төрт түрлі бағытта жұмбақтар жинағы жарық көрді
23.11.2026, 10:12
Талдықорғанда креатив орталығы ашылады
23.11.2026, 10:10
Ақтөбе облысында екі жылда 28 өрт сөндіру бекеті ашылды
23.11.2026, 10:08
Ява аралында фабрика өртеніп, 36 адам жоғалып кетті
23.11.2026, 10:06
Бенгази жағалауында ресейлік әскери кемеге шабуыл жасалды
23.11.2026, 10:05
Қазақстанда америкалық авиация университеті ашылуы мүмкін
23.11.2026, 10:04
Автомектептердің жұмысын министрлік бақылайды
23.11.2026, 10:03