Жамбылдық тұрғындардың 70 пайызға жуығы дауыс берді
Дауыс беруде белсенді өңірлердің қатарында Жамбыл облысы да бар. Соңғы мәлімет бойынша Әулиеаталықтардың жетпіс пайызға жуығы референдумға қатысқан. Жамбылдағы әріптесім Нұрдос Болатұлы қазір тікелей байланыста.
Нұрдос Болатұлы, тілші:Біз тұрған №50 референдум учаскесіне таңнан бері келген халықтың қарасы көп болды. Өңірдегі әр учаскеде қоғамдық бірлестіктердің, БАҚ өкілдерінің және халықаралық ұйымдардың байқаушылары жұмыс істеуде. Алғашқы болып дауыс берген және 18-ге толған тұрғындарға референдум комиссиясы арнайы сыйлықтарын табыстады. Ал қатысушылардың көңіл-күйіне қарап, сеніммен келгендерін аңғаруға болады. Орталық референдум комиссиясының мәліметі бойынша сағат 16:00-ге дейін облыс тұрғындарының 67 пайызы дауыс беріп үлгерген. Ал, референдумға қатысу кешкі 20:00-де аяқталатын болса, онда өңірдің көрсеткіші жоғары нәтиже береді деп айтуымызға болады. Ал бұл жағдай өз кезегінде жамбылдық тұрғындардың елдегі саяси өзгерістерге деген үлкен сенім артып отырғандығын көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04