Түркияда отандастарымыздың 50 пайызы дауыс берді
Шетелдердегі референдум учаскелерінде де дауыс беру қызып жатыр. Елшіліктер мен консулдықтар ғимараттарындағы учаскелерге түрлі себеппен шетелде жүрген азаматтар таң атқалы тоқтаусыз келуде.
Айдос Әшімұлы Тілші:
Мен тұрған Ыстамбұл қаласындағы №255 референдум учаскесінде таңғы жетіден бері дауыс берушілер легі тоқтаусыз келіп жатыр. Конституциялық құқығын пайдаланып, таңдау жасап жатқандардың басым бөлігі осында оқитын студенттер мен демалуға келген азаматтар. Студенттер арасында өмірлерінде бірінші рет дауыс беріп тұрғандар да бар. Солардың бірі Нұрислам Мұптадахин өзі үшін де ел үшін де ерекше күнде дауыс беруге келгеніне қуанышты.
Нұрислам Мұптадахин, Ыстамбұл сауда университетінің студенті:
Бірінші рет келіп тұрмын дауыс беруге. Қазір жаңа Қазақстан, жаңа өзгерулер болып жатыр сондықтан мен де өз даусымды беруге келдім осы жолы. Жалпы Қазақстан жастардың қолында сондықтан үлкен өзгерістер болады деген ойдамын.
Халықтың көпшілігі маңызды саяси шараға отбасыларымен, кішкентай балаларын да ертіп келіп жатыр. Осы учаскеге тіркелген 300-ге жуық дауыс берушінің қазірге дейін жартысына жуығы дауыс беріп болды. Дегенмен дауыс беру учаскесінің жабылуына әлі бес сағаттай бар. Сондықтан кешке дейін тізімдегі азаматтардың барлығы да өз таңдауларын жасайды деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Отбасы банк» салымшыларының саны 100 мыңнан асты
08.12.2025, 20:56
Оңтүстік-Шығыс Азияның екі елі қайта қақтығысты
08.12.2025, 20:53
Әлем жаңалықтарына шолу
08.12.2025, 20:52
Н.Төреғалиев: Ең арзан сиыр еті – Батыс Қазақстанда
08.12.2025, 20:45
Аягөздегі алыс ауылдардың мәселесі шешілді
08.12.2025, 20:41
ЛГБТ насихатын шектеу ұлттық құндылықтарды қорғайды
08.12.2025, 20:31
«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчын Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді
08.12.2025, 20:25
Стоматологиядағы бала өлімі: Анестезиологтан жауап алынды
08.12.2025, 20:14