Атырау облысында референдум учаскелері дауыс беруді аяқтады
Батыс өңірлеріне ғана тән уақыт айырмашылығына байланысты Атырау облысында референдум учаскелері дауыс беруді аяқтады. Қазір онда қызу жұмыс басталды. Сол өңірдегі меншікті тілшіміз Жандос Темірғали дәл осы сәттегі ахуалды тікелей байланыста баяндайды.
Жандос Темірғали, тілші:Біз қазір №40-шы референдум учаскесінде тұрмыз. Мұнда бюлетен санау жұмыстары басталды. Комиссия мүшелерінің бізге алаңдайтын уақыты жоқ , оны өздеріңіз көріп тұрсыздар. Қазір бұл бюллетендер жиналады. Кейін хаттама толтырылып, толық ақпарат аумақтық комиссияға тапсырылады. Қауіпсіздік бұл процесте қатаң сақталады. Артық адам жүрмеуі тиіс. Өткен сағаттағы ақпаратқа сай, тізімге енген тұрғындардың 62 пайыздан астамы өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл сан әлі де өзгереді. Қазір облыста 261 референдум учаскесі дауыс беруде тоқтатты. Саяси науқанның жұмысына 1900-ден астам комиссия мүшесі атсалысты.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53