Германиядағы қазақстандықтар референдумды қолдайды
Германиядағы отандастарымыз да таңсәріден бері референдумға белсене атсалысуда. Бас-аяғы 250-ге жуық қазақстандық дауыс беруге ниетті екендіктерін білдірген. Бұл мұндағы студенттер мен жұмыс істейтін азаматтар, сондай-ақ, дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері. Олар екі дауыс беру учаскесінің біріне барып таңдау жасай алады. Біреуі Майндағы Франкфурттегі Бас консулдықта болса, екінші участок Берлиндегі Қазақстанның елшілігінде орналасқан.
Шолпан Шынасылова, №247 референдум учаскесінің комиссия төрағасы:Азаматтардың саяси белсенділігі жоғары және өзгерістерге бейжай қарамайтындығы қуантады. Тіпті, жолдың алыстығына қарамай бүгін Мюнхен қаласынан өз дауысын беруге келген отандасымыз болды. Референдум учаскесінде бар мүмкіндік қарастырылған. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша кешкі сегізге дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғабит Мүсірепов театрына – 80 жыл
17.09.2026, 20:51
Тарих тағылымы – болашаққа бағдар
17.09.2026, 20:29
Тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру ұсынылды
17.09.2026, 20:05
Қазақстанның халықаралық резервтері өсті
17.09.2026, 20:04
Елімізде өмірін сақтандыратындар көбейген
17.09.2026, 20:01
2027 жылы адами капиталға жалпы бюджеттің 35 пайызы жұмсалмақ
17.09.2026, 20:01
Ақтау портында жаңа айлақтар салынып жатыр
17.09.2026, 19:55
Елордада әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
17.09.2026, 19:53