Референдумның ресми қорытындысы жарияланды
Орталық референдум комиссиясы жалпыхалықтық референдумның ресми қорытындысын жариялады.
Сонымен дауыс беруге барған халықтың 77 пайыздан астамы конститутцияға әзірленген түзетулерді қолдаған. 18 пайыздан астамы қарсылық білдірген. Ал референдумға барған азаматтардың саны 8 миллионға жуық. Бұл дауыс беруге құқы бар 12 миллиондай адамның 68 пайызы.Яғни белсенділік жоғары.
Комиссия төрағасының айтуынша халықтың жартысынан астамы дауыс бергендіктен референдум өткен болып есептеледі. Әрі қатысқандардың көбі ата заңға әзірленген түзетулерді қолдаған. Сондықтан заң бойынша бүгіннен бастап жаңа конститутция күшіне енеді. Яғни, ата заңның 33 бабына әзірленген түзетулер мен өзгерістер бүгіннен бастап іс жүзінде жүзеге аспақ.
Нұрлан Әбдіров, ҚР орталық референдум комиссиясының төрағасы:
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың 77,18 пайызы немесе 6 млн 163 мың 516 адам конститутциялық өзгерістерді жақтап дауыс берді. Конститутциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтардың саны дауыс беруге қатысқандардың 18, 66 пайызы немесе 1 млн 490 мың 470 адам. Осылайша референдум туралы конститутциялық заңның 31, 34 баптары негізінде еліміздің негізгі заңына өзгерістер қабылданды деп есептеледі. Референдум қабылдаған шешімнің міндетті күші болады. Және актілермен қосымша растауды талап етпейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жігерлі жандар – көпке үлгі
16.09.2026, 20:28
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
16.09.2026, 20:27
Талдықорған жастары Қаратал өзенінің жағалауын тазалады
16.09.2026, 20:25
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Ақтауда мектеп асханасындағы ас мәзірі жаңарды
16.09.2026, 20:19
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
Вице-президент: Ішкі саясатта үш басымдыққа мән беріледі
16.09.2026, 20:09
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07