Депутаттық сауал: Зейнетақы жасын төмендету керек
Зейнетақы жасын төмендету керек. Өзектілігін жоймаған мәселе бүгін Сенат қабырғасында да көтерілді. Үкімет басшысына сауал жолдаған Дана Нұржігіт әйелдердің зейнеткерлік жасын 58-ге қысқартуды ұсынды.
Сенатордың айтуынша, бұған бірнеше фактор себеп. Біріншіден, соңғы жылдарда орташа өмір сүру жасы төмендеген. Әсіресе пандемия уақытында өлім-жітім 22%-ға өсіпті. Екіншіден, қазіргі белгіленген зейнет жасы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейіне де әсер етіп отырғанын жеткізді.
Депутаттың дерегіне қарағанда, бүгінде жарты милллионға жуық қазақстандық екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Оның ішінде 9 мыңнан астамы 28-ге дейінгі азамат.
Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Бүгінгі зейнетақы заңына сәйкес азаматтар жұмыс орындарын босатпай, 60-63 жасқа дейін отыратын болса, артынан келе жатқан жаңа буынға жұмыс жоқ деген сөз. Сөз басында айтқан әйелдердің зейнетке шығу жасын өзгерту туралы өтініштерін ендігі әрі ысырып қоюға менің арым шыдамайды. Сол өтініштерге сәйкес әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 деп бекітіп, ал егер әйел әрі қарай да жұмыс істеймін десе, өз құқығы, өз еркі деп қарастыруыңызды сұраймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05
Төрт өңірде жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынды
21.10.2026, 10:02
Бүгін бірқатар өңірде қар жауады
21.10.2026, 10:01
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
21.10.2026, 10:00