Соңғы жарты жылда ел қазынасына 7 трлн 150 млрд теңге салық түсті
Биыл жарты жылда ел қазынасына 7 трлн 150 млрд теңге салық түсті. Бұл былтырмен салыстырғанда 1,5 есе өсіп, 2 трлн теңгеге көбейген. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне қарай, салықтың өсуіне мұнай мен бағалы металлдардың қымбаттауы әсер еткен. Шикізатқа салынатын кедендік баж көлемі де 52 %-ке өскен еді. Жарты жылда үшінші елдермен тауар айналымы да артты. Былтырмен салыстырғанда өзге елдермен сауда көлемі 61 млрд теңгеден асқан. Дегенмен тұрғындардың салық бойынша берешегі 24 млрд теңгеге жеткенін еске салайық. Бұл – 919 мың азаматтың қарызы. Мемлекеттік кірістер комитеті халықтың әсіресе көлік салығы бойынша қарызы көп екенін айтады.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15