Жетісайда базардағы өртке байланысты арнайы комиссия құрылды
Түркістан облысындағы Жетісай қаласында базардағы өртке байланысты арнайы комиссия құрылды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев оқиғаның себебін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша тапсырма берді.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Базардағы өрт бес сағаттай уақытқа созылған. Шамамен мың шаршы метрдей аумақ жанып кеткен. Оны сөндіруге 16 өрт сөндіру техникасы мен елуге тарта маман жұмылдырылған. Бірақ базардың басым бөлігі қызыл жалынның құрсауында қалған еді. Бес жүзге тарта саудагер базар басшылығынан шығынды өтеп беруін талап етіп жатыр.
Ауданда шұғыл түрде комиссия құрылды. Ең алдымен зардап шеккендердің санын есептеу, материалдық залалды бағалау жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта базардың басшылығы мен құрылтайшылары және аудан әкімдігінің өкілдері сатушылармен кездесіп, мәселені бақылауға алды. Белгілі болғандай арнайы қор құрылатын болды. Әзірге кәсіпкерлерге сол қордан көмек берілмек.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03