Халықаралық олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Биыл Халықаралық олимпиададан қазақстандық оқушылар 27 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 3 алтын, 15 күміс және 9 қола медаль бар. Физика-математика, информатика және лингвистика, биология пәндері бойынша додаға түскен дарынды жастармен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов кездесті. Естеріңізге сала кетейік, биыл Президент қолдауымен зияткерлік жарыс жеңімпаздарына Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпей-ақ, жоғары оқу орнына грант алуға мүмкіндік берілген. Министр жеңімпаздарға, педагогтар мен ата-аналарға ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттарды салтанатты түрде табыс етті.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Енді келесі жылдарда осы халықаралық олимпиада жеңімпаздары бір мезеттік үстемақы алады. Жоғары оқу орнына түсу үшін грант алады. Барлық осы көмек жүйелі түрде көрсетіп отыратын болады.
Аида Давлетова, Халықаралық олимпиада жеңімпазы:
2020 жылы ғаламтордан лингвистикалық сұрақтарды шешіп, қызығып кеттім. Республикааралық іріктеу кезеңі өткен, одан бірінші орын алып, міне халықралық байқауға жетіп отырмын. Қазақстан үшін рекорд – ол екі қола медаль.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00