«Отбасы банктің» төрағасы Ләззат Ибрагимова: Пәтерақының қымбаттауы - уақытша құбылыс
Пәтерақының қымбаттауы - уақытша құбылыс. «Отбасы банктің» төрағасы Ләззат Ибрагимова осылай деп есептейді. Банк платформасында тұрғын үй жалдау субсидиясын алуға құқығы бар төрт санат бар. Олар І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, жетім балалар, көп балалы отбасылар және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған жанұялар. Бүгінге дейін 25 мыңға жуық өтініш түскен. Оның 8 мыңға жуығы мақұлданған. Арнайы брифингте қаржы институтының басшысы тұрғын үй нарығындағы ахуалға орай баспана жалдау субсидиясы мөлшерін өзгертуге қатысты да ойымен бөлісті. Оның пікірінше, нарықтағы жағдайға байланысты нақты шешім қабылдауға әлі ерте.
Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банк» АҚ төрағасы:
Тарифтер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен бекітіледі. Олар әр аймақта әр түрлі. Арнайы кесте бар. Менің ойымша, пәтерақының өсу құбылысын кем дегенде 1 жарым ай бойы бақылау керек. Бұл уақытша құбылыс деп ойлаймын. Кейін бәрі бұрынғы деңгейге оралады.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04