Президент сайлауына үміткер ретінде тағы бір кандидат ұсынылды
Президенттікке үміткер ретінде тағы бір кандидат ұсынылды. Астанада «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы отырысы өтіп, ұйым мүшелері бірауыздан қоғам белсендісі, белгілі құқық қорғаушы, заңгер Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын ұсынып отыр. Ол ана мен бала құқығын қорғауда біраз жұмыстар атқарғаны белгілі. Әсіресе, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуде белсенділік танытқан заңгер. Әрі “Зорлық- зомбылықсыз Қазақстан жобасының жетекшісі, Астана қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі. Салтанат Пархатқызы – 56 жаста. Жамбыл облысының тумасы. Отбасылы. Екі баланың анасы.
Салтанат Тұрсынбекова, президенттікке үміткер:
Осы сайлауда өзімді сынап көрейін деген мақсатта қатысып отырмын. Осы күнге дейін де айналысып жүрген проектілеріміз бар. Жалпы отбасылық сала ғана емес экономика, кәсіпкерлік саласында мәселелердің бәрі біздің толыққанды бағдарламамыздың ішіне кіреді.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06