Қазақстан Қайта құру және даму банкінен 346 млн еуро қарыз алады
Қазақстан Қайта құру және даму банкінен 346 млн еуро қарыз алады. Бұл ақша ұлттық қорға иек артпай, әлеуметтік саланы тұрақты түрде қаржымен қамтуға жұмсалады. Бүгін Мәжілісте ортақ келісімді ратификациялау туралы заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуына қарай бюджет тапшылығы артып отырған жоқ. Қазір жалпы ішкі өнімке шаққанда шамамен 3 трлн теңге. Алайда оны келесі жылы 2,7 пайызға дейін азайту жоспарланып отыр. Министр бұл заң Ұлттық қорға түсетін қаржыны сақтауға мүмкіндік береді дейді. Қарызды өтеу мерзімі 11 жылдан асады. Жалпы Қазақстанның қарызы 23 трлн теңге.
Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі:
Дүниежүзінің масштабымен қарасақ, ол түк емес 3,3 пайыз деген, біздің сыртқы қарыз 24/25 процентті құрайды. Американың, Еуропа елдерінің сыртқы қарыздары, жалпы ішкі өнімнің 100 процентінен асып кетеді. 150-240 процентке дейін кете береді.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03