Еуропарламентте азық-түлік қауіпсіздігі талқыланды
Украинадан астық экпортының тоқтауы әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Салдарынан жыл соңына дейін 18 млн адам аштықтың зардабын тартуы мүмкін. Еуропалық Одақ, Еуропарламент өкілдері мен сарапшылар Брюссельде өткен жиында осы мәселені талқылады. Әлемдегі төртінші ірі астық экспорттаушы мемлекет соғыстың кесірінен Таяу Шығыс пен Африка елдеріне бидай тасымалын азайтқан. Украина билігі Еуропалық Одақтан Ресеймен арадағы Қара теңіз келісімін әрі қарай ұзартуға көмек сұрап отыр.
Джулика Лютс, эстониялық сарапшы:
Қара теңіз порттарынан Украина астығын тасымалдауға Ресей кедергі келтірмейтіні туралы келісімге былтыр Түркияда қол қойылған. 19-қарашада келісімнің күші жойылады. Мұны енді ұзақмерзімге созу керек. Әлемде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы – соғысты тоқтату.
Януш Войцеховский, Еуропалық Одақтың Ауылшаруашылығы жөніндегі комиссары:
Еуропалық Одақ наурыздан бері Украинадан 20 млн тонна дән тасымалдады. Оның 7,5 млн тоннасы Қара теңіз арқылы жеткізілді. Әлі де жеткізу керек. Осы дағдарыстың кесірінен бізде тыңайтқыш, азық-түлік бағасы қымбаттап кетті.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08