Түркістан облысында 919 сайлау учаскесі жасақталған
Түркістан облысында 1 млн 168 мыңнан аса адам таңдау жасай алады. Өңірде 919 сайлау учаскесі жасақталған. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман Түркістан облысындағы сайлау комиссиялары және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен кездесіп, оған әзірлік жайын пысықтады.
Қазір комиссия мүшелері учаскелердің техникалық жабдықталуын, сапалы интернетпен қамтылуын қадағалап жатыр. Одан бөлек, сайлаушылардың тізімі нақтылану үстінде. Ең бастысы – сайлау комиссиясының мүшелерін оқыту мен өзге де дайындық жұмысына назар аударылып отыр.
Мұхтар Ерман, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:
Бірнеше семинар өткіздік. Сайлау комиссияларының мүшелерін оқытып, заң жағынан түсіндіріп, сайлау қалай өтеді? Тәртібі қандай болады? Байқаушылар қалай жұмыс істейді? Ақпараттық құрал өкілдерінің фунциясы қалай болады? Ең басты мәселе әрбір сайлаушыға дейін бір жетуіміз керек. Әрбір сайлаушының пікірін біз ескеруіміз керек және заңды, әділ түрде таза өткізуіміз керек.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17