Елде 380 мың адам несиесін қайтармай жүр
Кепілсіз тұтынушылық кредит алған азаматтардың уақытында қайтармаған берешегін коллекторлық агенттіктерге беруге заң арқылы тыйым салынуы мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұрғындардың құқығын қорғау үшін жаңа талап енгізілетінін хабарлады. Агенттік кепілсіз кредиттің көбеюіне байланысты онлайн несие беруді 45 күнге 50 АЕК-ке, яғни 153 мың теңгеге дейін шектеуді жоспарлап отыр. Өйткені елде 50 АЕК дейін онлайн несие алып қайтармай жүргендер 380 мыңға жеткен. Жалпы биыл сегіз айда 434 мың азамат қарызын 90 күн өтсе де қайтармаған. Олардың берешегі 71 млрд теңгеден асқан. Қазір Қазақстанда 230 микроқаржы ұйымы бар. Оның отызы тұрғындарға онлайн несие береді.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17