Түркістан облысының шаруалары күрішті Ауғанстанға экспорттап жатыр
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау көлемі жылдан-жылға артып келеді. Биылғы тоғыз айда 13 мың тонна ет, мың тонна көкөніс сыртқа саудаланған. Өңірдегі күріш егетін жалғыз шаруашылық ақмаржанның ерекше сұрпын өсіріп, көрші елдерге экспорттауда.
Жыл өткен сайын ағын судан таршылық көрген диқандардың өзге де дақылдарды өсіруге бет бұрғанына бірнеше жыл болды. Дені қауын-қарбыз ексе, енді бірі мақта өсіруде. Биылғы күз егіншілікке қолайлы және ағын су жеткілікті болғандықтан, қырман берекелі. Күріштің өнімділігі де сату құны да жоғары.
Талғат Әлімқұлов, Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Соңғы жылдары суды аз қажет ететін дақылдар бойынша барынша алқапты азайтып, биылғы 2022 жылы жалғыз бір ғана қожалық екті 600 гектар. Жалпы өнімділігі жаман емес, әрбәр гектар алқаптан 79-80 центнерден түсім түсіп жатыр. Яғни 4800 тоннадан астам дәні қамбаға түскен жайы бар.
Қазір облыс бойынша күріш өсіретін Шардарадағы жалғыз шаруашылық егістіктен мол өнім жинап алды. Дайын өнім қамбаларға жеткізіліп, өңделуде. Шаруашылықтың арнайы цехында тәулігіне 20 тоннаға дейін күріш шығарылады.
Нұржан Ақназаров, цех меңгерушісі:
«Егемен» мен «Лазер» егетін едік. Енді биыл «Лидер» деген қостық. «Лидер»-дің өзі болады екен біздің жерлерімізге. Бұл енді жылдық өнімімізді кемінде 10-11 айға шейін өңдеп, халыққа сатамыз.
Мұнда ауылдың 30-ға тарта тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Олар ақ маржанды тазалап, қаптайды. Ал, тапсырыс бергендер жүк көліктерін жіберіп, өздері алып кетеді.
Мадияр Қожасов, жұмысшы:
Осы зауыт құрылғалы істеп жатырмыз. Жұмыс тұрақты. Жыл он екі ай істеп жатырмыз. Айлығымыз әйтеуір жеткілікті. 150-180-нің арасы.
Дайын өнім көрші Өзбекстан мен Қырғызстанға, Ауғанстанға экспортталады. Еліміздің ірі қалалары Алматы, Астана, Қарағанды мен Шымкент қалаларына тасымалданады. Сұраныс көп болған соң, өнім сапасын жақсартуға күш салып жатырмыз, дейді диқандар. Бүгінде кәсіпорынға жаңа қондырғылар орнатылып, күріштің сорттары көбейген. Енді дақыл еуропалық талапқа сай өндірілмек.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10