Қысқы универсиадаға қазақстандық 84 спортшы қатысады
Қаңтардың 12сі мен 22-сі аралығында АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында қысқы универсиада өтеді. Халықаралық студенттік спорт федерациясының өкілдері Брюссельде бас қосып, шараға дайындық барысын пысықтады. Біздің ел де осы федерацияның белді мүшесі. Қазақстан тарапынан басқосуға Ұлттық студенттік спорт Одағының Президенті Қайрат Закирьянов қатысып, Қазақстанның универсиадаға дайындығы жайлы баяндады. Байрақты бәсекеде елдің намысын 84 спортшы қорғамақ. Олар қысқы спорттың 12 түрі бойынша бақ сынасады.
Қайрат Закирьянов, Қазақстан ұлттық студенттік спорт одағының президенті:
Универсиадаға қатысу үшін спортшылар халықаралық деңгейде мойындалған екпе салдыртуы тиіс. Қазақстанда Пфайзер жоқ. Басқосуда осы проблеманы көтеріп едім, Америка тарапы бізге қажетті вакцинаны жіберетінін және виза рәсімдеуге қолдау көрсететінін мәлімдеді. 2017 жылы Алматыда өткен қысқы универсиаданы Халықаралық студенттік спорт федерациясының басшылығы универсиада тарихындағы ең үздік деп мойындады. Олар қазақстандық студентерссіз универсиаданы елестету мүмкін емес екенін айтып, спортшылардың жарысқа қатысуына барынша қолдау көрсететіндерін мәлімдеді.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08