Астанада бір айда 5 мыңға дейін пәтер сатылады
Елде жалпы тұрғын үй қоры 387 млн шаршы метрден асқан. БҰҰ халықаралық стандартына сәйкес бір адамға шаққанда үйдің жалпы ауданының нормасы 30 шаршы метр. Рэйтинг агенттігінің зерттеуінше, Қазақстанда бір тұрғынға шаққанда үймен қамту деңгейі 23 шаршы метрден сәл асады. Ал ауылдарда небары 19,8 шаршы метр екен. Демек қала тұрғындарына қарағанда ауылдағы азаматтар баспанамен аз қамтылған. Урбанизация кезінде тұрғын үй мәселесін шешудің қолжетімді тәсілі жалға берілетін тұрғын үй нарығын дамыту, - дейді мамандар. Дегенмен әлеуметтік сауалнама қорытындысы бұл саланың 60 пайызы көлеңкелі айналымда екенін көрсеткен. Ал баспана саудасына қатысты сарапшы пікірін білдік.
Ғалым Ысқақов, Жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры:
Айына Астанада жалпы статистика мәліметі бойынша, 3 мыңнан 5 мыңға дейін пәтер сатылады. Оның ішінде жаңа құрылған үйлер және бұрыннан нарықта бар үйлер. Бағасы 300 мыңнан басталады шаршы метріне. Күзде сұраныс көп болған соң бағасы 10-15 пайызға көтерілді. Қаңтарда бағасы төмендейді.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10