Саяси науқан: Италиядағы қазақстандықтар сайлауға белсенді қатысуда
«Сайлау-міндет емес, үлкен мереке». Осылай жүрекжарды лебіздерін білдірген Еуропадағы қазақстандықтар да саяси науқанға белсенді қатысып жатыр. Еліміздің Италиядағы елшілігінде орналасқан 245-сайлау учаскесінен тілшіміз Нұрсұлу Қасым қазір бізбен байланысқа шықты. Нұрсұлу, сізді тыңдап тұрмыз. Сайлау қалай өтіп жатыр?
Нұрсұлу Қасым,тілші:
Кеш жарық, әріптес. Бізде сайлау қызу өтіп жатыр. Дауыс беру үшін Отандастарымыз ұзын-сонар кезекке тұруда. Негізі, Римдегі сайлау учаскесінде 275 адам дауыс береміз деп тіркелген болатын. Бірақ, осы жақта іссапармен, саяхатта жүрген азаматтарымыз да келіп өз таңдауын жасап жатыр. Студенттеріміз өте белсенді. Сұхбатты назарларыңызға ұсынамын.
Сұңқар Дулат, студент:
Келген бетте Абайдың кітабын сыйлыққа алып отырмын. Осы Абайдың сөзімен бастай кетсем Абайдың бізге берген тәлім тәрбиесі білім алу туралы айтып кеткен болатын. Сол себепті біз Италия жерінде білім алып отырмыз. Сол білімді келешекте қазақ жерінде қолдануға, тырысуға өзіміздің үлесімізді қосамыз деген ойдамыз.
Бұл жерде расында құдды қазақтың тойы болып жатқандай. Дауыс беруге таңертең келгендердің өзі сайлау учаскесінен әлі кеткілері жоқ. Себебі, еліміздің Италиядағы елшілігі сайлаушыларды құшақ жая қарсы алып, қандастарымызға арнап кең дастархан жайған. Елді сағынған жерлестеріміз ұлттық тағамдардан дәм татып мәре-сәре болып жатыр.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00