Қасым-Жомарт Тоқаевты Франция президенті құттықтады
Президент сайлауында жеңіске жеткеніне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Франция Президенті атынан құттықтау жеделхат келді. Эмманюэль Макрон Мемлекет басшысына жоғары лауазымды қызметте табыс тіледі.
«Қазақстан 2019 жылдан бері саяси және экономикалық жаңғырту үдерісін сәтті жүзеге асырып келеді. Мұны біз зор қызығушылықпен бақылап отырмыз. Сіздің қайта сайлануыңыз осы маңызды істің қарқынын сақтауға және Қазақстан халқының мүддесі үшін өзіңіз жариялаған реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып жүргеніңізден хабардармын. Осы жолда Сізді толыққанды қолдаймын», – деп жазды Эмманюэль Макрон.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20