Жер сілкінісі болған Түркияның Дүзже аймағында 71 ғимарат бұзылады
Қуатты жер сілкінісі болған Түркияның Дүзже аймағында 71 ғимарат бұзылады. Зілзала болған екі аймақта төрт мыңдай нысанға түрлі дәрежеде зақым келген. Екі күннен бері шатырларда түнеп жүрген тұрғындар бүгін ғана үйіне орала бастады. Ал баспанасы бұзылатындарға мемлекет жаңа үй салып бермек. Ол дайын болғанша пәтер жалдайтын қаражат беріледі. Еске салайық, сәрсенбі күні таңға жуық Түркияның солтүстігіндегі Дүзже губерниясында қуаты 5,9 баллдық жер сілкінісі болды.
Мұрат Курум, Түркияның қоршаған орта, қала салу және климат өзгерісі жөніндегі министрі:
Ең қысқа уақытта 2-3 қабатты тұрғын үйлер салуды бастаймыз. Ал ауылдық жерлерде баспанасына зақым келген тұрғындар болса, оларға да үй салып береміз. Оның жобасын өздеріңізбен ақылдасып отырып жасаймыз. Бұзылатын үйлердегі заттарыңызды тасымалдауға, жалдамалы пәтерге көшуге де әкімдік тарапынан көмек көрсетіледі.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00