Еуропа мен Қазақстан арасында тауар тасымалы артады
Еуро Одақ Қазақстанмен транзит және көлік қатынасын нығайтуға мүдделі. «Транкаспий» халықаралық көлік бағытын дамытуға қаржы бөлуге дайын. Бұл туралы Брюссельде өткен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен одақ өкілдерінің кездесуінде айтылды. Қайырбек Өскенбаев көлік жөніндегі Еурокомиссармен, Еуро парламент өкілдерімен және Бельгия көлік министрімен кездесті. Тараптар Транскаспий дәлізіндегі инфрақұрылымды дамыту, тауар тасымалдаудағы кедергілерді жою жайын талқылады. Біздің ел алдағы 3 жылда қарт құрлыққа 10 млн тонна жүк жеткізуді жоспарлап отыр.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
Бүкіл әлемде Украинаға байланысты бидайдың, астықтың мәселесі өте маңызды болып отыр. Еуропа, біз сатып алуға дайынбыз, өйткені мына Африка елдеріне, басқа да астыққа зар боп отқан елдерге, Сіздерден мүмкіншілік болса, жеткізетіндей болса, сол астықты толығымен сатып алуға дайынбыз деп олар келісіп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00