Түркістан облысында жұмыспен қамтуға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Түркістан облысында азаматтарды жұмыспен қамту үшін бөлінген бюджет қаржысы талан- таражға түскен. Мәселен әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген 50-ге жуық азамат шетелде немесе басқа қалаларда жүрген. Алайда жауаптылар оларды жұмыс істеді деп жалған құжат толтырып, жалақы төлеп келген. Мұндай заңбұзушылықтар Бәйдібек, Ордабасы, Сарыағаш және Жетісай аудандарында тіркелген. Керсінше, жастар практикасымен және қоғамдық жұмысқа тартылған тұрғындарға белгісіз себептермен айлап жалақы төленбеген. Сондай-ақ мемлекеттен грант алған 52 кәсіпкер мүлдем жаңа жұмыс орындарын ашпаған.
Ермахан Әбжанов, Түркістан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры:
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша құжаттар уәкілетті органға жолданған. Себебі мемлекетке келтірілген шығынды анықтау керек. Келтірілген шығын анықталғаннан кейін, кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі анықталатын болады.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04