Елордада бірінші Орталық Азия медиа форумы жалғасып жатыр
Елордада бірінші Орталық Азия медиа форумы жалғасып жатыр. Әлемдік медианың белді өкілдері бас қосқан жиынның бірінші күні аяқталуға жақын.
Айта кетейік, ауқымды жиын алғаш рет өткізіліп отыр. Шараға қатысушылар арасында әлемге әйгілі жұлдыздар да бар.
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Қайырлы күн, қадірлі көрермен! Медиа форум қыза түсті. Сарапшылар бірінші күні аймақтағы саланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын сараптады. Қазірге дейін бірнеше алаңда тақырыптық сессиялар өтті. Мәселен, ақпараттық қауіпсіздік фейкпен күрес бойынша Ломоносов атындағы мәскеу университетінің профессоры Андрей Манойло фейкті тоқтату бойынша өз тәжірибесімен бөліссе, Пулитцер сыйлығының иегері Лю Хен Шиг фотожурналистиканың қазіргі ақпараттық технологиялар заманындағы рөлі мен оны дамыту жолдарын жеткізді. Ал бейбітшілік этикасы сессиясында танымал британдық режиссер Джереми Гелли мен еліміздің мақтанышы Димаш Құдайберген сөз сөйледі. Екі күндік форумға медиа өкілдерінен бөлек, белгілі саясаткерлер де шақырылған. Мәселен, Түркияның бұрынға президенті Абдолла Гүл Орталық Азияға ортақ ақпараттық кеңістік құрылса, халықаралық ынтымақтастық нығая түсетінін жеткізді.
Абдолла Гүл, Түркияның бұрынғы президенті:
2022 жыл Еуразия контингентінде қауіпсіздік тұрғысында өте күрделі болды. Саяси гравитация орталықтары Орталық Азияға қарай ауысуда. Өйткені Орталық Азия геостратегиялық маңызға ие болуда. Ал медиа елдердің де, үкіметтің де ашық болуына ықпал етеді. Сондықтан Орталық Азия елдері БАҚ-ты дамытуы керек .
Аманкелді Сейтхан, тілші:
Екі күндік форумда жалпы 8 тақырыптық сессия жоспарланған. Аты әлемге әйгілі, айтары бар танымал спикерлер пікір алмаспақ. Мәселен, «Балаларға арналған телевизиялық контент бойынша Ти Джи арнасының өкілі Жан Рене Окутюрье презентация жасайды. Сондай-ақ, америкалық New York Times-тың 4 мәрте бестселлер иегері, бүркітші қызымыз Айшолпан жайлы “Eagle Huntress” кітабының авторы Лиз Уелш пен әйгілі боксшы Рой Джонс та өз ойларын ортаға салады. YouTube желісінде 18 миллиард қаралым жиған, балаларға арналған ең танымал dBillions жобасының авторы Ернис Уметалиев те тәжірибесімен бөліспек. Бұл спикерлердің қандай пікір айтқандарын кешкі қорытынды жаңалықтарда толығырақ білетін боласыздар.
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03