Түркістан облысынан депутаттыққа үміткер ретінде 5 адам тіркелді
Түркістан облысынан Сенат депутаттығына бір кандидат сайланады. Қазір өңірде сайлауға дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Аймақта саяси науқанға үміткер ретінде алты үміткер өз кандидатурасын ұсынған. Алайда отбасылық жағдайына байланысты біреуі үміткерліктен бас тартып, құжаттарын кері қайтарып алған.
Ал қалған бес азаматтың құжаттары толық тексеріліп шықты. Олардың тиісті талаптарға сәйкестігі анықталып, сенімді өкілдері тіркеуге алынған. Куәліктері берілген. Аумақтық сайлау комиссиясы бүгінде үміткерлердің аудан-қалаларда кездесу кестелерін түзіп, жұмыстарын жоспарлап жатыр.
Әмірдин Әлішев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
24 желтоқсаннан бастап үгіт-насихат жұмыстары басталады. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы осы үгіт жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қазіргі уақытта кестелер түзуде. 26 желтоқсаннан бастап кестеге сай аудандарға шығып, таңдаушылармен кездесу өткізілетін болады.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04