Түркістан облысында мектептің жертөлесі суға толған
Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Кеңесарық ауылында орта мектептің астынан жерасты суы көтеріліп, жертөлесі суға толып кеткен. Ғимараттың астын судан тазартқанымен, іргетасы үгіле бастаған. Білім ошағында 300-ден аса бала оқиды.
Жауаптылар суды сору үшін мектептің жанын түгел қазып тастаған. Содан бері ашық-шашық күйі жатыр. Терең шұңқырға ойын баласы түсіп кетеді деп қауіптенген ұстаздар енді кезектесіп күзетуге мәжбүр. Мектеп директоры болса, терең шұңқырды жабуға 5 млн теңгедей қаражат керек дейді. Ал әкімдіктегілер қаражатты білім беру басқарма бөлу керек екенін айтады.
Нұрлан Жүнісбеков, Б.Биболатұлы орта мектебінің директоры:
Төтенше жағдайларға хабар бердік. Төтенше жағдайлар келді, анықтады судың қайдан шығып жатқанын. Қаражат бөлінсе, ол менің қолымда емес. Қаражат бөлінсе жөнделеді.
Тұрар Шыңғысбай, Төлеби аудандық әкімдігінің баспасөз хатшысы:
Мектептің жанындағы қашыртқыға дренаж жасалып, қайтадан жабылуы керек. Өйткені дренаж жасалмаса, қайта су кіру қаупі бар. Бұл жұмыстар мектеп тарапынан істелінеді.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04