Интернет алаяқтарға 10 млн теңгеден аса айыппұл салынуы мүмкін
Интернет алаяқтарға 10 млн теңгеден аса айыппұл салынуы мүмкін. Кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу туралы заң жобасы 23 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылды. Интернет арқылы азаматтарды алдап, ақша алатын алаяқтармен күресу үшін құжатта айыппұлдан бөлек, 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту, екі жылға дейiн бас бостандығын шектеу секілді жаза түрлері жазылған. Ал бірнеше рет алаяқтық жасаса, ұрланған мүлік құнынан үш есе көп айыппұл салынады. Министрлік дерегінше, әсіресе пандемия кезінде елде интернеттегі алаяқтық қылмыс 2 есе көбейген. Мамандар банк есепшоты мен жеке мәліметтерді жария етпеуді, электрондық сауда кезінде мұқият болуды ескертеді.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28