Түркістанда диқандар қырыққабат егуді бастады
Түркістан облысының Жетісай ауданындағы шаруалар қырыққабат егуді бастап кетті. Олар орамжапырақтың ерте пісетін сортының көшетін отырғызып жатыр. Сондай диқандардың бірі - Есболат Өмірхан. Ол биыл қырыққабатқа 3 гектар жер дайындаған. Ал, наурыз айында ортадағы арыққа қауын егеді. Сонда бір жерден екі өнім алынады. Қазір алқап басында 30 адам тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Шаруа былтыр жинаған өнімін көрші Ресейге экспорттаған. Жалпы, Жетісай ауданындағы шаруалар биыл 1 мың гектарға орамжапырақ егуді жоспарлап отыр.
Есболат Өмірхан, диқан:
Қырыққабат өнімі 5-6, 7-8 градусты да көрген ғой алдын. Қар жауған, талай суық болған. Енді құдай сақтасын,ештеңе қылмайды деп, тәуекел етіп егіп жатырмыз. Қазір мына жерде 28 мың түп бар. 28 мың түптен құдай қаласа 1,5 келіден урожай аламыз ба деп отырмыз.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02