Түркістан облысының тұрғындарына 2,5 пайызбен несие беріледі
Түркістан облысына «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 11 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы ауыл азаматтарына төмен пайызбен несие ретінде берілмек. Қазір 32 ауылдық округ тұрғындарына несие алу талаптары түсіндіріліп жатыр. Пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірген адамдар үйін кепілге қойып, 2,5 пайыздық үстемемен несие ала алады. Ал орташа несие көлемі 5 млн теңге. Кооператив құрамындағы азаматтар да жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, техниканы лизингке рәсімдеуге мүмкіндік алады.
Ермек Кенжеханұлы, облыс әкімінің орынбасары:
Біз бірінші экономикалық даму әлеуеті төмен ауылдық округті таңдап алдық. Сонымен қатар мынау жұмыссыз азаматтары көп немесе аз қамтылған отбасылар саны көп отбасыларды таңдап отырмыз. Сол жерге қаржыны құйып, әлеуетін жоғарылату біздің мақсатымыз.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03