Түркістан облысында 5 мектеп көмірсіз қалған
Түркістан облысының Жетісай ауданындағы 5 мектеп қыс мезгілінде көмірсіз қалған. Себебі білім мекемелеріне қатты отын алуға қаржы қарастырылмапты. Жылусыз қалған мектептерге көмір басқа білім ұяларынан тасымалданған. Күннің суық болуынан олардың өзінде де көмір қоры таусылып, тығырыққа тірелген. Аудандағы білімге жауапты мамандарының айтуынша, бастапқыда 5 мектепті газға қосу жоспарланған. Алайда құжаттар дер кезінде рәсімделмей, көгілдір отын берілмей қалыпты. Желтоқсан мен қаңтар айында оқушылар бүрсең қағып отырғаны прокурорлық тексеріс кезінде анықталды.
Рысбек Ерназаров, Жетісай ауданы прокурорының орынбасары:Осы кемшілікке жол берген Жетісай аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері, яғни экономистер мен есепшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Қазіргі таңда барлық кемшіліктер жойылып, бес мектеп толықтай қатты отынмен қамтамасыз етіліп отыр.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03