Брюссельде отандастарымыздың дені дауыс берді
Нұрсұлу Қасым, тілші
Рақмет, Айдос! Еуропа елдерінде, әсіресе Бельгияда сайлау қызу өтіп жатыр. Отандастарымыз Брюссельден 100, 200 шақырым жердегі қалалардан, Люксембург елінен келіп, дауыс беруде. Әсіресе, жастар өте белсенді. Алыс жолдан келгендердің құрметіне, әрі Наурыз мерекесіне орай Елшілік қандастармызға арнап, мол дастархан жайған. Елді сағынған жерлестеріміз ұлттық тағамдардан дәм татып, мәре-сәре.
Ақерке Маханова, Бельгиядағы қазақ диаспорасының өкілі:
Қазақстан халқына Бельгиядан үлкен сәлем тілеймін. Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын. Бүкіл қазақстандықтарға, еліме тек тату мен бейбітшілік тілеймін.
Денис Горшенко, Люксембургтағы қазақ диаспорасының өкілі:
Қазақстанымыз өркендеп дами берсін, елімізде тек бейбітшілік болсын.. Отбасымызбен екі жылдан бері жұмыс бабымен Люксембургта тұрып жатырмыз. Отанымызды қатты сағындық. Бельгияда сайлауға қатысуға ниет білдірген 200-ге жуық адамның басым бөлігі дауыс берді. Брюссель уақыты Астана уақытынан бес сағат артта екенін ескерсек, қалған отандастарымыз да сайлау учаскесінің жабылуына дейін өзінің конституциялық құқын пайдаланып, таңдауын жасап үлгереді деген сенімдеміз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Токиодан бөлек, тағы бір астана құрылмақ
27.07.2026, 17:01
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00