Елордада сатирик Көпен Әмірбектің бес томдық шығармалар жинағы таныстырылды
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада жазушы-сатирик, қоғам-қайраткері Көпен Әмірбектің «Көпен келе жатыр!..» атты бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Шараға марқұмның үзеңгілес достары, әріптестері мен басқа да белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты. 500 данамен басылып шыққан туындының бірінші томында сатира жанрындағы дүниелер топтастырылған. Екінші томы Көпен Әмірбектің әр жылдардағы сұхбаттарына құрылыпты. Ал III-IV томында «Жол жөнекей» атауымен, қаламгердің жазған шығармалары, бесінші том «Фотоальбом» болып жинақталған.
Базарбек Әмірбекұлы, Көпен Әмірбектің інісі:
Көпекеннің шығармашылығына келетін болсақ, мектепте жүргенде бастады. Мен туған інісі ретінде айтайын. Шынында да сол ағамызға қарап, сол сатира саласына бет бұрдым. Бүгін ағамыздың бес томдық кітабының таныстырылымы болып жатыр. Өзі көзі тірісінде көріп кетті. Жүйелі жұмыс жасады. Өзі ауырып жүрседе, дені сау адам мұндай жұмыс жасай алмайды.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00