БҚО-да сапасыз салынған жолды мердігер қайта жөндемек
Батыс Қазақстан облысының Казталов ауданындағы Әжібай ауылында былтыр ғана 200 млн теңгеге салынған жол төсемі бұзылып жатыр. Тұрғындар шағымынан соң сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары бұл деректі тексеріп, 59 млн теңгенің жұмысы орындалмағанын анықтады. Ауылға кіреберіс жолдың асфальт жамылғысы сапасыз жасалғанын растады. Сондай-ақ, 62,5 миллион теңгенің қосымша жөндеу жұмысы жобалық-сметалық құжаттамада көрсетілмеген. Тексерістен соң жауапты бөлім басшысына тәртіптік жаза қолданылды. Ал мердігер маусым айына дейін сапасыз жолды қайта жөндеп, кем-кетікті жоюы тиіс.
Ерлан Досанов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін ішкі мемлекеттік аудит департаменті тапсырыс берушінің атына Казталов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама жолдады. Сонымен қатар, бөлім басшысы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең де қолайсыз ауа райы сақталады
30.12.2025, 20:58
Жаңа жылдағы қауіпсіздік шаралары
30.12.2025, 20:57
Алматыда қар жоқ
30.12.2025, 20:57
Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды
30.12.2025, 20:54
Президент 1 жылда 95 заңға қол қойды
30.12.2025, 20:53
Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
30.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты
30.12.2025, 20:50
Биыл 4 миллионға жуық науқасқа дәрі-дәрмек тегін берілді
30.12.2025, 20:48