Дүлей дауылдан Түркістан облысындағы екі ауданда жарық жоқ
Дүлей дауылдан Түркістан облысында 4 аудан жарықсыз қалған еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті, екі ауданға электр жарығы берілгенін хабарлады. Ал Бәйдібек пен Сауран аудандарында екі мыңнан аса абонентке жарық әлі қосылмады. Желілерді жөндеу жұмыстары желге қарамастан жалғасуда. Өңірдің 8 ауданы мен 3қаласында шаңды дауылдың екпіні әлі басылар емес. Табиғаттың тосын мінезіне байланысты Кентау қаласындағы барлық білім ошақтары қашықтан оқытуға көшіріліп, балабақшалар уақытша жұмысын тоқтатты. Базарлар мен сауда орталықтарының және халық көп шоғырланатын нысандардың жұмысына шектеу қойылды. Аудан – қалалардың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмысқа кіріскен.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экология министрлігі желіде тараған жолбарыс суретіне қатысты пікір білдірді
06.08.2026, 10:07
Инфантино футбол турнирлерін жекешелендіру жоспарынан бас тартты
06.08.2026, 10:06
Иран мен Оман Ормұз бұғазы бойынша келісімге қол жеткізді
06.08.2026, 10:05
Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 10:05
МӘМС-тегі миллиардтар бақылауға алынады
06.08.2026, 10:05
Өскемендегі коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді
06.08.2026, 10:05
«Жетінші арнада» партия өкілдерінің теледебаты өтті
06.08.2026, 10:02
Қайтарылған активтер есебінен ауыл тұрғындары сумен қамтылады
06.08.2026, 10:01