Ресейдің 18 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
Ресейдің 18 өңірінде орман өрті дес бермей тұр. Қазақстанмен шекаралас Омбы, Орынбор облыстарында да тілсіз жаумен күрес жүргізілуде.
Индира Бегайдар, тілші:
Орал, Свердлов, Түмен және Новосібір облыстарында өртті әлі ауыздықтай алмай жатыр. Тіпті кей өңірлерде үйлермен қоса көшелер де түгел өртеніп кетсе, Қорған облысында 21 адам өрттен қаза тапты. Оралда 100 мың гектардан аса аумақ өртке оранды. Төтенше жағдайлар министрлігі тілсіз жауды ауыздықтауға 10 мыңнан астам адам, 2000 техника жұмылдырылғанын мәлімдеді.
Бірнеше болжам бар. Алдын ала ақпаратқа сәйкес күннің күрт ысып кетуінен және адамдардың өрт тұтатуынан болуы мүмкін. Қазір әр өңірде күдіктілер анықталып, 100-ден астам адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қауіпсіздік ережелерін бұзған және өртке кінәлі азаматтар мен заңды тұлғалар үшін жауапкершілік күшейеді. Енді кінәлілер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады және өрттен келген барлық шығынды өтейді. Құжат қазір Парламент қарауында.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экология министрлігі желіде тараған жолбарыс суретіне қатысты пікір білдірді
06.08.2026, 10:07
Инфантино футбол турнирлерін жекешелендіру жоспарынан бас тартты
06.08.2026, 10:06
Иран мен Оман Ормұз бұғазы бойынша келісімге қол жеткізді
06.08.2026, 10:05
Қытайға кіру және шығу тәртібі өзгереді
06.08.2026, 10:05
МӘМС-тегі миллиардтар бақылауға алынады
06.08.2026, 10:05
Өскемендегі коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс кестесіне көшірілді
06.08.2026, 10:05
«Жетінші арнада» партия өкілдерінің теледебаты өтті
06.08.2026, 10:02
Қайтарылған активтер есебінен ауыл тұрғындары сумен қамтылады
06.08.2026, 10:01