Еуропада түлектер мектеп бітіру кешіне шығын шығармайды
«Мектеп бітіру кешіне қымбат киім алып, қыруар ақша жұмсау-ысырапшылдық». Еуропалық түлектер осылай дейді. Қарт құрлық мектептерінде сабақ шілденің ортасына дейін жүреді. 12-сынып оқушылары 5 сабақтан мемлекеттік емтихан тапсырады. Бірнеше күнге созылатын ауызша-жазбаша емтихандардың нәтижесімен жас түлек жоғарғы оқу орнына түсе алады. Медицина, менеджмент, өнер және техникалық факультеттерде оқу үшін ғана/ университтер қосымша тест талап етуі мүмкін. Сондай-ақ Еуропада мектеп бітіру кешін дүркіретіп тойлау дәстүрі де жоқ.
Томас Мателах, жас түлек:
Бізде мектептің залында бітіруші түлектерге арналған үлкен мереке болады. Сол жерде өзіміз сыныптастарымызбен тойлаймыз. Ол аяқталған соң әркім өз ата-анасымен, жақындарымен мейрамханаға барғысы келсе барады. Бірақ көбіне үйде, отбасымызбен атап өтеміз. Қымбат көлік жалдап, қымбат киім сатып алу деген бізде жоқ. Әлемде қанша адам аштықтан қырылып жатқанда ысырапшылдыққа жол берген дұрыс емес деп ойлаймын.
Анна Ван Деркон, 12-сынып оқушысы:
Мектеп бітіру кешін бірнеше күн тойлау, бір күндік мерекеге ата-анаңның өмір бойы жинаған қаржысын жұмсау-ессіздік деп айтар едім. Біз мұғалімдерге естелікке кітап сыйлаймыз. Басқа ешқандай шығын шығармаймыз. Кедейлер мен байлардың арасында алшақтық болмауы керек деп ойлаймын.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00