Ертіс өзенінің сағасында судың түсі өзгерді
Ертіс өзенінің Павлодар қаласына кіре беріс сағасында судың түсі өзгерді. Көк түске боялғанын жағажайға шомылуға келген жергілікті тұрғындар көріп, әлеуметтік желіге салған. Артынша тексеру жүргізген экологтар мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары мұның нақты себебін айта алмады.
Бірақ судың түсі табиғи қалпынан бөлек екендігін растап отыр. Қазіргі уақытта судың химиялық құрамы бойынша мәселе жоқ. Ал бактериологиялық сынама екі күннен соң белгілі болады. Жағажайда шомылуға уақытша тиым салынды.
Мағзұм Қоқымбаев, Экология департаменті басшысының орынбасары:
Химиялық ауыр металдардың тұздары анықталмаған суда. Бірінші қорқыныш сол болды. Бүгін суда жүрген балықтар және жануарлардың ауырғаны немесе өлгені анықталған жоқ.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08