Бельгияда дәстүрлі құм мүсіндер фестивалі ашылды
Бельгияда дәстүрлі құм мүсіндер фестивалі ашылды. Мүсіндерінің биіктігі мен ауқымдығы жағынан бұл көрме 2010 жылы Гиннестік рекордтар кітабына енген. Солтүстік теңіз жағалауында «Арман қаланы» тұрғызуға сәулетшілер су тимеген көне дәуірдегі үңгірдің құмын пайдаланған. 6 мың тонна шегеқұмнан шеберлер кино, мультфильм жұлдыздарын айнытпай сомдаған. Кейіпкерлердің бет-бейнесін, көңіл-күйін, тіпті, маңдайындағы әжіміне дейін қалыпқа жақсылап құйған. Ұйымдастырушылар қоңыр күзге дейін жалғасатын көрмені 200 мыңнан астам адам тамашалайды деп отыр.
Ян Хойлен, Антверпен қаласының тұрғыны:
Анаммен бұл жерге бірінші рет келіп тұрмыз. Ертегілер елінде жүргендеймін. Мүсіндер күшті жасалған. Кейбірі қорқынышты, ал кейбіріне қарасаң күле бергің келеді.
Абхей Вазант, турист:
Маған да көрме қатты ұнады. Сусыма құмнан мүжілмейтін осынша көп мүсін жасауы таңдай қақтырмай қоймайды. Бұл асқан төзімділікті талап ететін нағыз еңбек, шеберлік деп айтар едім.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00