Бельгияда қазақстандық балғындар шетелдіктерге елді таныстырды
Қазақстандық балғындар Бельгияда шетелдіктерге елдің көрікті жерлерін жарнамалап, турист тартуға күш салып жүр. Алматы, Астана мен Қарағандының ұландары қазір корольдіктің лагерінде тынығуда. Дәстүрге сай, мұнда алғаш келгендер алдымен өзін-өзі таныстырып, өнерін көрсетуі тиіс. Қазақстандық балалар көпшілікке елдің тарихы, салт-дәстүрі, көрікті жерлері жайлы баяндап, шағын концерт қойды. Шетелдік балғындар болса, қазақ ұлттық музыкасына тәнтті болып, тіпті «Қаражорға» биіне қосыла биледі.
Нина Димитрашко, лагерь директоры:
Қазақстандық балғындар бізге керемет қойылым көрсетті. Әлемнің әр түкпірінен келген балалар Қазақстан жайлы мол мағлұмат алып, «Медеу» мұз айдынына қызығушылықтары артты. Балаларыңыз көк туларыңыздағы күндей ашық, кең жүректі, тәрбиелі екен.
Гүлімай Дүйсекеева, қазақстандық топтың жетекшісі:
Біз мұнда халқымыздың салт-дәстүрін көрсету үшін жылда келеміз. Балалар шетелдіктерге еліміз, Астанамыз, Қазақстандағы түрлі ұлттардың достығы, жалауымыздың мағынасы жайлы айтып берді. Қыздар бауырсақ, етті қалай пісіретінімізді көрсетіп, шеберлік сабағын өткізді.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12