Шымкентте гүл ұрлағандарға қатысты тың дерек шықты
Әлеуметтік желіні шулатып гүл ұрлағандарға қатысты тың дерек шықты. Сатушыны қайшымен қорқытқан экс-полицейдің қасындағы екінші азаматтың кім екені белгілі болды. Ол Шымкенттегі Еңбекші аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы басшының орынбасары болып шықты. Осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс басталған.
Бұл бейнежазбаның әлемжеліні шулатқанына үшінші күн. Оқиға Шымкент қаласындағы гүл сататын дүкендердің бірінде болған. Алғашқы видеода ақ жейде киген адам үстелден қайшы алып, сатушыға тап береді. Қазір күдікті қамауда. Тәртіпке бағынбағандардың бірі экс-тәртіп сақшысы болып шыққан.
Ермахан Әбдірахманов, Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Арыз-шағымдар түскен жоқ. Әлеуметтік желіде резонанс тудыруына байланысты бізідң тарапымыздан сондай шешім қабылданып, қазір тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі таңда ішкі істер органдарында жұмыс жасамайды.
Ал екінші видеода қара жейде киген ер адамның сатушыға күш қолданып, дүкеннен гүл алып кеткенін көруге болады. Оның қасында миығынан күліп тұрған Еңбекші ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасы басшының орынбасары болып шықты.
Шымкент қаласындағы гүл дүкенінде болған оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада құқық бұзушының қасында болған екінші тұлға Еңбекші ауданы МКБ басшысының орынбасары Д.Елқонды. Осыған байланысты, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан мән-жайларды анықтау мақсатында 10.08.2023 жылы қызметтік тергеу тағайындалды.
Енді ол азаматтың мәселесі тәртіптік комиссиясының отырысында қаралмақ. Жауапты мекеме оқиғаның қалай өрбитінін алдағы уақытта баяндаймыз деп хабарлады.
Елдос Есенбол
Елдос Есенбол
Автор
Елдос Есенбол
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16