Семейде төлеуден бас тартқан тұрғындар жылудан ажыратылып жатыр
Семейде борышкерлер жылудан ажыратылып жатыр. Қалада заңды тұлғалардың берешегі 120 миллион теңгеден асқан. Ал жеке тұлғалардың қарызы 180 миллионға жеткен. Сондықтан мамандар жылу ақысын күштеп өндіруге мәжбүр. Қара тізімге іліккен нысандарды «Жылукоммунэнерго» мамандары аралап, төлеуден бас тартқандардың құбырын қиюда. Көлік жуу орындары, мейрамханалар мен дәмханалар одан өзге де қызмет көрсету нысандарының ішінде берешекке белшеден батқандар көп. Кейбірінің өткен жылу маусымы үшін қарызы 1,5 миллион теңгеден асып кеткен. Ондайлар жылудан ажыратылады. Қайта қосылу үшін тағы айыппұл арқаламақ.
Владислав Блеко, жылу инспекциясы басшысының орынбасары:
Осылай уақыт созып төлемей жүретіндер көп. Жылуды толыққанды алады. Ақысын төлеуге келгенде қашып-пысып жүреді. Қарызы барлығы жайлы бірнеше рет ескерту де жасаймыз. Құлақ аспайды. Мамандар келіп қатаң шара қолдана бастағанда ғана, төлей бастайды.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00