Көкшетаудағы бірнеше шағын ауданда 15 күн ауыз су болмайды
Көкшетау қаласының бірнеше шағын ауданында он бес күн ауыз су болмайды. Тіршілік нәрі тұрғын үйлерге кестемен күніне үш рет қана берілсе, ірі нысандар одан мүлдем ажыратылмақ. Себебі, осы аралықта шаһарды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған Көкшетау топтық су құбырында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан қаладағы барлық тұрғын үйлерде де судың қысымы төмендеуі мүмкін.
Айта кетейік, қазір шаһардағы су желілерінің 49 пайызы тозып тұр. Биыл оның 10 шақырымы ауыстырылды.
Қазыбек Сәдуақасов, «Көкшетау су арнасы» мекемесінің бас инженері:
Тәулігіне қалаға 24 мың куб су керек. Оның 16 мыңы Сергеев су қоймасынан, қалғаны Көкшетау топтық су құбырынан келеді. 26 қыркүйектен бастап топтық су құбырында тазарту жұмыстары жүргізілетін болғандықтан, олар қалаға тіршілік нәрін беруді уақытша тоқтатады. Сондықтан Сергеев су қоймасынан ғана келетін тіршілік нәрін жеткізу үшін қаладағы барлық кәсіпорындар ауыз судан уақытша ажыратылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14