Қазақстанда бірқатар кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін
Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігі өте төмен, газ бағасы 120%-ға қымбаттағанның кесірінен бірқатар кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін, ал банктер отандық компанияларға несие беруден бас тарып отыр. «AMANAT» партиясы бизнес-қауымдастықтардың жетекшілерімен кеңес өткізіп осындай өзекті мәселелерді талқылады. Кәсіпкерлер жұмыс барысында кедергі келтіретін бұдан өзге түйткілдерді көтерді. Мәселен, қосылған құн салығының көтерілуі жаппай қымбатшылыққа алып келуі мүмкін. Бұл бизнес өкілдерімен қатар халыққа да ауыр тиеді. Партиялықтар проблемаларды зерттеп, ең өзектілерін Үкімет деңгейінде көтеретіндерін айтты.
Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының жетекшісі:
Үйлестіру жұмыстарының мүлде жоқ екенін көріп отырмын. «Атамекен» бір сұрақты көтереді. Ол мәселе министрлікте де, бізде де қозғалады. Сондықтан бірлесе жұмыс істеу керек деп есептеймін. Бүгін айтылған мәселелерді көпшіліктің сұрауы деп қабылдауымыз керек. Сондықтан проблемаларды біздің партияның алаңында шешуді ұсынамын.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14