Халықаралық адвокаттар форумы өтті
Адвокаттардың қызметіне кедергі көп. Бірқатар заң өзгертілуі тиіс еді, бірақ әлі созбалаңға салынып келеді. Құқық қорғау органдарына техника алып кіруге көп жерде рұқсат жоқ. Ал қылмыстық атқару жүйесінің мекемелеріне кіріп-шығуға шектеу азаяр емес. Салдарынан қорғауындағы азаматтармен байланыс аз. Қарапайым арнайы бөлмелер де қарастырылмаған. Прокурорлар мен адвокаттардың қызметі теңестірілуі тиіс еді. Ол да іс жүзінде аспай отыр. Бүгін Елордада халықаралық авдокаттар форумы өтті. Онда алыс-жақыннан жиналған мамандар саладағы проблемаларды ортаға салды.
Айдын Бикебаев, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы:
Жаңадан мәжіліске кірейін деп жатыр. Бірақ біздің көңілімізден шыққан жоқ. Әлі де ол заңды жетілдіру керек. Біздің ойымызша әлі істейтін жұмыс көп. Мәжіліске кірген заң Әділет министрлігімен бірге отырып талай нәрсесін талқылап шешімін табуымыз керек әлі.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14